Барлық мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау сыныптары ашылды

0
877

Биылғы оқу жылынан бастап біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілді.


Барлық мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау сыныптары ашылды

ERNUR.KZ. Бағдарлама өскелең ұрпаққа адамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиені күшейту мақсатында әзірленді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазіргі таңда балабақша, мектеп-колледждерде ата-аналармен жұмыс қарқынды жүргізілуде. Барлық мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау сыныптары ашылды. Онда саналы түрде әр әке, әр ана, әр педагог осы қоғамда, жалпы, бала үшін не істей аламын, баланың қауіпсіздігіне қандай үлес қоса аламын деген үлкен мәселені сезіне алуы үшін бірқатар жүйелі жоспарлар іске асырылады. Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізгі үш құндылыққа негізделген. Бұл ар-ұят құндылығы, талап құндылығы және ұлттық мүдде", - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде.