Барсакелмес қорығында Қызыл кітапқа енген қызғалдақ гүлдеді

0
718

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті таратқан мәлімет бойынша, Борщов қызғалдағы Барсакелмес қорығында гүлдеді.


Барсакелмес қорығында Қызыл кітапқа енген қызғалдақ гүлдеді

ERNUR.KZ. Қызылорда облысының Арал ауданында Қазақстанның Қызыл кітабына енген Борщов қызғалдақтары гүлдеді, деп жазады Zakon.kz.

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті таратқан мәлімет бойынша, Борщов қызғалдағы Барсакелмес қорығында гүлдеді.

"Әлемде қызғалдақтың 3000-ға жуық түрі бар. Біздің елімізде 35 түрі өседі, 18-і Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, оның ішінде Борщов қызғалдағы да бар".ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Бұл қызғалдақ – ресейлік ботаник Илья Григорьевич Борщовтың есімімен аталған Арал теңізі өңірінің эндемигі. Аталмыш қызғалдақ түрі Барсакелмес қорығында көптеп кездеседі, сәуір-мамыр айында гүлдеп, мамыр – маусым айларында жемістенеді. Жемісі – үш ұялы көп тұқымды қауашақ.