"Барыс" Конференция көшбасшысын ұтты

0
791

Андрей Скабелка жаттықытратын команда Уфада жергілікті "Салават Юлевпен" кездесіп, Шығыс конференциясы көшбасшыларының бірін 2:0 есебімен ұтты.


ERNUR.KZ. "Барыс" ХК Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатының матчінде жеңіске жетті, деп жазады vesti.kz.

Андрей Скабелка жаттықытратын команда Уфада жергілікті "Салават Юлевпен" кездесіп, Шығыс конференциясы көшбасшыларының бірін 2:0 есебімен ұтты.

Ойындағы бірінші голды Егор Петухов салды, ал матч аяқталарға бірнеше минут қалғанда Аркадий Шестаков есепті еселеді.


"Барыс" осы жеңістен кейін "Шығыста" сегізінші орынға көтерліп, ҚХЛ-дің плей-офф кезеңіне өтуге мүмкіндік беретін орынға оралды. "Салават Юлаев" екініші орында қалды