Бұл туралы шаһардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысында көрсетілген.
Ел астанасында карантиндік шектеулерге байланысты қарамағындағы қызметкерлердің жартысы қашықтан жұмыс істеуі тиіс. Бұл туралы шектеу және карантиндік шаралары туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.Бейсенованың қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Енді барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 50% қашықтықтан жұмыс істеуі тиіс. Ал фудкорттардың жұмысы штаттық режимде тек тамақты жеткізуге және шығаруға рұқсат етіледі», - делінген Қаулыда.