Фото: gov.kz
ERNUR.KZ. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны жөнінде тараған мәліметке қатысты пікір білдірді, деп жазады inform.kz.
Мәжілістің жалпы отырысы алдында журналистер Әсет Шындалиевтен осы оқиға туралы сұраған болатын.
- Кеше Жақсылықовтың өзі пікір білдірді емес пе? Бізде қандай да бір іс немесе басқа да шаралар жүргізілгені туралы ешқандай мәлімет жоқ. Ондай мәліметтер қолымда жоқ, - деді ол.
Еске салсақ, 8 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қызметінен кеткен болатын.
Ал кеше кейбір БАҚ пен телеграм-арналар оның қамауға алынғаны туралы ақпарат таратып, кейін экс-министрдің өзі оны теріске шығарған.