Бас санитар қаулысы: Вакцина паспорты Қазақстанда жарамды елдердің тізімі жаңарды

0
747

Бас санитар дәрігердің бұған дейінгі қаулысы бойынша вакцина алмаған қызметкерлерін штаттық жұмысқа жібермеуге міндеттелген нысандардың тізімі өзгертілді.


Бас санитар қаулысы: Вакцина паспорты Қазақстанда жарамды елдердің тізімі жаңарды

ERNUR.KZ. ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың тағы бір қаулысы жарияланды. Құжат бойынша Қазақстанда вакцина паспорты жарамды елдердің тізімі жаңартылған, деп жазады ҚазАқпарат.

Қаулыда Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы және Түркия Республикасының вакцина паспорттары Қазақстан аумағында жарамды екені айтылған.

«Осы қаулымен бірге берілген, 3-қосымша бойынша, құжаттардың үлгілеріне сәйкес Мажарстан, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы және Түркия Республикасы азаматтарының паспорттары/ сертификаттары/ анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», - деп жазылған құжатта.

Құжаттың мәтінімен мына сілтемеден танысуға болады.

Еске салсақ, Бас санитар дәрігердің бұған дейінгі қаулысы бойынша вакцина алмаған қызметкерлерін штаттық жұмысқа жібермеуге міндеттелген нысандардың тізімі өзгертілді.