"Басынан банкімен ұрған": Полицей күйеуінен жәбір көрген әйел ауруханаға түсті

0
676

21 жастағы келіншектің аяғы ауыр болған.


ERNUR.KZ. Бұл жайлы ақпаратты Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде жариялады, деп жазады exk.kz.

Онда Қызылорда қаласында тұратын жүкті келіншекке жәбір көрсеткен күйеуінің полицей қызметкері екені жазылған. Азамат 4-қарашада өзінің әйелін оңдырмай сабаған. Тіпті басынан банкімен ұрған көрінеді.


Ал сорақысы, осы уақытта күйеуінен қашпақ болған келіншек пәтерінің терезесінен сыртқа құлап кеткен. Қазір сол күнгі оқиғадан сау жері қалмаған әйел ауруханада жатыр.

"Қазір ең негізгі мәселе жас келіншектің өмірін арашалау. Одан кейін әйеліне бұған дейін бірнеше рет күш көрсеткен полицейді жазалау керек", деп жазды Дина Таңсәрі.

Ал полиция департаментінің ресми парақшасында осы дерекке байланысты өз-өзіне қол жұмсау бабы бойынша іс қозғалғанын хабарланды.

"Аталған дерек бойынша ҚК-тің 105 бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды", деп мәлімдеді полиция департаментіндегілер.