Комбайнның газ шығаратын түтігі электр желісінің сымдарына тиіп кеткен. Тоққа түскен жүргізуші көз жұмды.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында егін орып жүрген комбайншыны тоқ соқты. Ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп жазады sputniknews.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 21 шілде күні сағат 11:50-де Бәйтерек ауданында Достық кентінен төрт шақырым жерде болған. Астық жинайтын комбайн мінген 26 жастағы жігіт егістікпен келе жатқан. Сол кезде ауыр машинаның газ шығаратын түтігі электр желісінің сымдарына тиіп кеткен. Тоққа түскен жүргізуші көз жұмды.
Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бес қызметкері барды. Бірақ комбайншыны құтқаруға мүмкіндік болмады.