Бұған дейін Қазақстанда киік етін өңдеумен айналысқысы келетін инвесторлар табылғаны хабарланған болатын.
Фото:Tengrinews.kz
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында алты ет комбинаты киік етін өңдеуге дайын, олардың ішіндегі ең ірісі Орал қаласында орналасқан, деп жазады tengrinews.kz.
Қалған ет комбинаттары Жаңақала, Жәнібек, Казталов аудандарында, сондай-ақ, Бәйтерек ауданында орналасқан.
Жақын арада өңірде киік санын реттеу жұмыстары басталады, жалпы киік басының 20 пайызын алу жоспарланып отыр, бұл - 460 мың жануар. Аулауға "Охотзоопромның" төрт бригадасы жауапты болмақ.
"Ауыл шаруашылығы министрлігі барлық мемлекеттік стандартты бекітті. Біз консервілерді қайта өңдеп, оларды дүкендерде сата аламыз. Қажет процедуралар орындалды", - деді Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда киік етін өңдеумен айналысқысы келетін инвесторлар табылғаны хабарланды. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.