Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырған 70-ке жуық бала ем алып жатыр

0
429

Олардың бәрі де амбулаторлық ем алуда.


Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырған 70-ке жуық бала ем алып жатыр

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 67 бала ауырып жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, олардың бәрі де амбулаторлық ем алуда.

Жыл басынан бері барлығы 2189 бала сырқаттанса, соның осы кезге дейін 2122-сі жазылып шықты.

БҚО денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, күні бүгін 1459 төсектік 20 инфекциялық стационарда 526 адам емделуде. Соның ішінде 423-і Орал қаласында.

Жансақтау бөлімшелерінде 44 науқас жатыр.

Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, коронавирус жұқтыру көрсеткіші 14,8 пайызға (120-ға) төмендеді.

Індет тарай басталғаннан бері облыс бойынша барлығы 35 578 науқас тіркелсе, соның 27 443-і емделіп шықты. 695-і коронавирустан көз жұмды.