Батыс Қазақстандағы трагедия: әкім отбасыға барынша қолдау көрсетілетінін айтты

0
132

Нариман Төреғалиев әкімдік жерлеу рәсімін ұйымдастырып, отбасыны баспанамен қамтамасыз ететінін мәлімдеді.


Батыс Қазақстандағы трагедия: әкім отбасыға барынша қолдау көрсетілетінін айтты

фото: Официальный сайт Президента Казахстана

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданында болған қайғылы оқиғадан кейін мәлімдеме жасады, деп жазады sputnik.kz.
Әкім Сырым ауданында қаза тапқан балалардың ата-анасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
"Менің тапсырмам бойынша оқиға орнына орынбасарым барды, аудан әкімі оқиға орнында, барлық қажетті қызметтердің жұмысын үйлестіріп жатыр", - деп жазды облыс басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша әкімдік тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі:
жерлеу рәсімін ұйымдастыру,
психологиялық көмек көрсету,
баспанамен қамтамасыз ету,
өзге де әлеуметтік қолдау шаралары.
Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД мамандары, полиция департаментінің қызметкерлері, медицина қызметкерлері және басқа да тиісті қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.
"Жағдай менің жіті бақылауымда", - деп түйіндеді Нариман Төреғалиев.
Еске сала кетейік, Жымпиты ауылында бір отбасының бес баласы өрт салдарынан көз жұмды. Үйде 30 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жеке заттар мен жиһаз жанған. Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйде тапты. Өкінішке қарай балалар ауруханада қайтыс болды.