“Баум тоғайына“ қатысты дау: Сатыбалдының командасы мәлімдеме жасады

0
119

Бұған дейін Экология министрлігінің экопорталында "Баум тоғайы" мемлекеттік табиғи ескерткішін қалпына келтіру және сақтау" жобасы пайда болған еді.


“Баум тоғайына“ қатысты дау: Сатыбалдының командасы мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Баум тоғайында бірде-бір ағаш кесілмейді. Бұл туралы Алматы әкімінің кеңесшісі Ильзат Акчурин айтты. Бұған дейін Экология министрлігінің экопорталында жасыл желектің жартысына жуығын жою көзделген жоба жарияланған еді, деп жазады tengrinews.kz.

Бұған дейін Экология министрлігінің экопорталында "Баум тоғайы" мемлекеттік табиғи ескерткішін қалпына келтіру және сақтау" жобасы пайда болған еді. Құжатта саябақтағы ағаштардың тек 55 пайызы ғана сау, ал қалғандары әлсіреген, қураған және апатты жағдайда екені айтылған.

Жобаның мәтініне сәйкес, шамамен 12,7 мың текше метр ағашты – яғни тоғайдың 48 пайызын кесу жоспарланған.


Құжат мәтіні

Ильзат Акчуриннің айтуынша, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен ҚР АШМ Орман шаруашылығы ғылыми-инновациялық институты жүргізген түгендеу деректеріне сәйкес, сау екпелер – 55 пайыз, әлсіреген – 23 пайыз, өсімі тежелген – 12 пайыз, қурай бастағандар – 8 пайыз, қурап біткен және апатты жағдайдағысы – әрқайсы 1%.

"Осылайша, апатты жағдайдағы ағаштардың үлесі жалпы санының 9 пайызынан сәл ғана асады. Бұл БАҚ-та бұрын таралған "48 пайыз ағаш кесіледі" деген ақпаратты жоққа шығарады", - делінген жазбада.

Әкімдік мәліметінше, ағаштарды санитарлық сауықтыру – бұл ауру, қурап қалған және зақымданған бұтақтарды кесу, зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес бойынша кешенді іс-шара. Бұл шаралар ағаштардың саулығын, пішінін және ұзақ тіршілік етуді сақтауға бағытталған.