Бейсембаев орыстілді балабақшалардың жабылатыны жөніндегі қауесетке жауап берді

0
470

Бүгінде 11 мыңнан астам балабақша болса, оның жартысы мемлекет меншігінде.


Бейсембаев орыстілді балабақшалардың жабылатыны жөніндегі қауесетке жауап берді

ERNUR.KZ. 6 маусымда үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев барлық мемлекеттік балабақшаларды қазақ тілінде оқытуға көшірілетіні жөніндегі қауесеттерге жауап берді, деп жазады zakon.kz.

Оқу-ағарту министрі бүгінде мемлекеттік балабақшалардың басым бөлігі қазақ тілінде екенін атап өтті.

"Қазір сараптама жүргізіп жатырмыз, содан кейін толық ақпарат береміз... Бірақ орыстілді балабақшаларды жабу туралы мәселе ешқашан болмайды, біз мемлекеттік тілді оқытуды күшейтіп жатырмыз", – деді Ғани Бейсембаев.

Оның айтуынша, бүгінде 11 мыңнан астам балабақша болса, оның жартысы мемлекет меншігінде.

"Қазақ тіліндегі балабақшаларға деген қажеттілік пен сұранысты көріп отырмыз. Балабақшаларды тек мемлекеттік тілде ұйымдастыруда еш қиындық болмайды: тәрбиешілер де бар, сұраныс та бар. Бұл балабақшалардың мемлекеттік тілде ашылуы заңды процесс", – деді Ғани Бейсембаев.

2022 жылдың 1 ақпанында Қазақстанның бұрынғы Білім министрі Асхат Аймағамбетов биылғы жылдан бастап еліміздегі балабақшаларда тәрбие мен оқытудың жаңа моделі іске қосылатынын мәлімдеді.