2019 жылы 27 желтоқсанда Bek Air жолаушылар ұшағы Алматыдан ұшып шыққаннан кейін бірден құлаған болатын.
ERNUR.KZ. Осыдан екі жыл бұрын Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағының апатына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналистер министрден Bek Air ұшағының құлауына қатысты тергеу қорытындысы қашан жарияланатынын сұрады.
"Bek Air-ге қатысты тексеру жұмыстары аяқталды. Қазір олар тізім дайындап жатыр. Жақын арада жарияланады", - деп жауап берді Өскенбаев.
Алматы маңындағы ұшақ апаты
2019 жылы 27 желтоқсанда Bek Air жолаушылар ұшағы Алматыдан ұшып шыққаннан кейін бірден құлады. Ұшақ бетон қоршауға құлап, екі бөлікке бөлінді. Апат салдарынан 12 адам қаза болды. Экипаж командирі оқиға орнында көз жұмса, ауруханадан шыққаннан кейін екінші ұшқыш қайтыс болды.
Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. 2019 жылы 28 желтоқсанда Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болды.