"Белдемшені қайдан шығардыңыздар?": НЗМ оқушы өлімі төңірегіндегі қауесетті жоққа шығарды

0
594

Басқа оқушылардың ата-анасы оқушы өлімі мектеп балы кезіндегі іс-шарадан соң болғанын, кейін баланы психологқа алып кеткенін айтқан.


ERNUR.KZ. Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушы өлімі төңірегіндегі қауесетті жоққа шығарды, деп жазады Tengrinews.kz.

Деректерге сүйенсек, полицейлер "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Басқа оқушылардың ата-анасы оқушы өлімі мектеп балы кезіндегі іс-шарадан соң болғанын, кейін баланы психологқа алып кеткенін айтқан.

Білім беру мекемесі мәліметінше, оқушы өлімі төңірегінде тараған қауесет шындыққа жанаспайды. Әңгіме мектепте өткен бал тақырыптық болғаны және оған марқұм жасөспірім белдемше кигізгені туралы. Сонымен қатар, НЗМ қайғылы жағдай мектеп аумағында болмағанын түсіндірді. Марқұмның анасы пікір білдіруден бас тартты.

"Қайталап айтамын, бұл бал емес. Аптасына екі-үш рет болатын кәдімгі мектепішілік шара. Түстен кейін, сағат үште болатын. Белдемшені қайдан шығардыңыздар? Барлық жерде белдемше туралы айтып жатыр. Ол мүлде белдемше кимеген. Бұл қайдан шыққан әңгіме?" – деді Алматыдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі өкілі Жанар Адамбаева.

Журналистер "баланы шынымен психологқа апарған ба, егер апарса, неге екенін" нақтылауды сұрады.

"Оны психологқа апаруы мүмкін емес. Бізде баланы қолынан жетектеп психологқа апару деген жоқ, қайталап айтамын. Психолог балалармен үнемі байланыста", - деп қосты Жанар Адамбаева.



Бұған дейін Алматыда Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы қайтыс болғаны хабарланған болатын.