Белгілі адвокат "кісі өлтірді" деген күдікпен ұсталды

0
740

Кейбір ақпарат құралдарында жәбірленуші күдіктінің анасы болған деген мәлімет жүр.


Белгілі адвокат

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда адвокат Құмар Бердалин адам өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп жазады zakon.kz.


Биыл 3 маусымда 1975 жылы 17 қыркүйекте туған Бердалин Құмар Советұлын Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыс жасады деген күдікпен ұстады. Бердалинге қатысты Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Кейбір ақпарат құралдарында жәбірленуші күдіктінің анасы болған деген мәлімет жүр. Адвокаттыққа дейін Бердалин Бас әскери прокурордың аға көмекшісі, әділет полковнигі болған.