Белгілі журналист Арман Шораев қолхатпен босатылды

0
962

Арман Шораев - ҚР Президенті жанындағы БАҚ (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі.


Белгілі журналист Арман Шораев қолхатпен босатылды

ERNUR.KZ. Белгілі журналист және қоғам қайраткері Арман Шораев қолхатпен босатылды. Бұл туралы оның әпкесі Жаннар Шураева айтты, деп жазады тengrinews.kz.

"Иә, қолхатпен жіберілді. Әлі оны көрген жоқпыз", - деді Арман Шораевтың әпкесі.

Еске салайық, мұның алдында Арман Шораевтың ұсталғаны хабарланған болатын.

"Азамат А. Т. Шораев бірнеше рет әлеуметтік желілер арқылы жалған мәліметтерді таратқан. Өз әрекеттері салдарынан Арман Шораев төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзды және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келуіне қауіп төндірді", - делінген еді Алматы қаласы полиция департаментінің хабарламасында.

Арман Шораев - ҚР Президенті жанындағы БАҚ (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі. Ол 2006 жылы - "Хабар" Агенттігі" АҚ Бас директорының орынбасары, 2006-2007 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, 2007-2014 жылдары - "Коммерциялық телевизиялық арна" АҚ бас директоры болған.