Бензин бағасының күрт өсуіне жол бермейміз – Энергетика министрі

0
103

Ерлан Ақкенженов Энергетика министрлігі 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап жанар-жағармай нарығын реттеумен айналыспайтынын баса айтты.


Бензин бағасының күрт өсуіне жол бермейміз – Энергетика министрі

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

ERNUR.KZ. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жанар-жағармай бағасының қымбаттау ықтималдығына пікір білдірді, деп жазады inform.kz.

- Мораторий жарияланған кезде баға өсімін тоқтаттық, тосқауыл қойдық. Нарықтық тетіктерді ерікті түрде тоқтаттық. Егер, 31 наурыздан кейін Үкімет жанар-жағармай құю стансаларының қызметін қайтадан араласпау туралы шешім қабылдаса және нарық жұмыс істесе, онда ішкі сұраныс пен ішкі ұсыныс баға белгілеуді дамытудың мұнан арғы шарттарына ықпал етеді, - деді ол.

Ерлан Ақкенженов Энергетика министрлігі 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап жанар-жағармай нарығын реттеумен айналыспайтынын баса айтты.
- Біз бағаның күрт өсіміне жол бермейміз. Мұның бәрі экономикамыздың қазіргі жағдайына жауап беретін болады, - деді министр.