Ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
"Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын", -деп жазылған құжатта.