Бұл үлкен қаражат. Ол біздің азаматтарымыздың болашағына арналған инвестициялар.
фото: tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруға 2 триллион 600 миллиард теңгеден аса ақша бөлінетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Біз жайдан-жай ештеңе ұсынбаймыз. Мән әлі нақты ұсыныс жасаған жоқпын. Дәлірек айтатын болсам, мұның барлығы мемлекетке арзанға түспейді. Сондықтан бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру үшін 2 триллион 600 миллиард теңгеден аса ақша бөлу жоспарланып отыр", - деді Президент. "Бұл үлкен қаражат. Ол біздің азаматтарымыздың болашағына арналған инвестициялар. Біздің халық мұны лайықты бағалайды деп сенемін. Және біз әрі қарай да осы саясатты ұстанатын боламыз", - деді Мемлекет басшысы.
Еске сала кетейік, биыл наурыз айының басында Нұрсұлтан Назарбаев "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеу жариялаған болатын.