«Бес жасар қызын қамап кеткен»: СҚО-дағы өрттен кейін сәбидің анасы қамалды (ВИДЕО)

0
159

​Марқұм қыз диванның артына жасырынған екен.


«Бес жасар қызын қамап кеткен»: СҚО-дағы өрттен кейін сәбидің анасы қамалды (ВИДЕО)

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Күні кеше хабарлағынымыздай, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданына қарасты ауылдардың бірінде екі пәтерлі жер үйден өрт шығып, бес жасар қыз бен екінші үйде тұрған ер адам көз жұмған еді. Анықталғандай, бүлдіршінді анасы мен өгей әкесі үйге қамап кеткен екен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Телеарнаның мәліметіне сүйенсек, үйдің терезесінен түтін байқалған кезде көршілер бірден көмекке ұмтылған. Бірақ, олар есікті аша алмаған, өйткені, есік құлыптаған еді. Терезені сындырған адамдар көк түтінге булыққан үйдің ішінен, диванның артына тығылған кішкентай баланың денесін тапқан.

«Көршілердің айтуынша, шешесі қызын үнемі жалғыз қамап кететін көрінеді. Бұл жолы да сыртынан құлыптап, қонаққа кетіпті. Кетерінің алдында пешке от жаққан, сол оттан түтін басталған тәрізді», - деп хабарлайды телеарна.

Дереккөзге сүйенсек, қыздың 33 жастағы анасы 31 жастағы ер адаммен азаматтық некеде өмір сүріп жатқан. Екеуі де ішімдікке құмар көрінеді. Бұған дейін келген комиссия мен әлеуметтік қызмет бұл отбасыны осал отбасылардың қатарына қоспаған.

«Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Бахтияр Бикеневтің айтуынша, баланың өлімінен кейін полиция оның анасын ұстаған», - деп хабарлайды телеарна.