"Бетіне оқ атқан": Алматыдағы базарда жолға таласқан жүргізушілер жанжал шығарды

0
541

Жәбірленуші қанға боялған бетін ұстап, көлігіне жүгірген.


ERNUR.KZ. Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, деп жазады tengrinews.kz.

Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт видеоға түсіп қалған. Видео дәл осы сәттен басталады, содан кейін кадрларда Toyota Camry көлігінің зардап шеккен жүргізушісі көрсетілген. Осыдан кейін жәбірленуші қанға боялған бетін ұстап, көлігіне жүгіреді. Ал қару қолданған ер адам оқиға орнын кетіп қалады.



Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті ұсталғанын хабарлады.

"Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс бабы бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, Наурызбай ауданындағы базарлардың бірінің аумағында екі көлік жүргізушілері арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі қарсыласына оқ атқан. Күдікті қамауға алынды. ИЖ маркалы газ тапаншасы тәркіленді. Басқа да мән-жай анықталып жатыр", - деді қаланың баспасөз қызметі өкілдері.

Зардап шегушінің жағдайын білу үшін қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына да хабарластық. Олар жәбірленушінің медициналық көмекке жүгінбегенін айтты.

"103 пультіне ондай қоңырау түскен жоқ", - дейді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Нәбира Есенова.