"Бетінің көгергенін көріп, көріпкелге хабарластым": Бишімбаев Нүкенованы өлерінің алдында бірнеше рет ұрғанын айтты (видео)

0
642

Сотталушы әйелін ұрғанын мойындап алайда оның “маңызы бар органдарына тигізбегенін” алға тартады.


ERNUR.KZ. Салтанат Нүкенованы айуандықпен өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаева әйелін өлер алдында қалай ұрғаны туралы өз нұсқасымен бөлісті, деп жазады stan.kz.

Экс-министрдің айтуынша, Салтанат өзі берген әшекей бұйымдарын дәретханаға ағызып жіберген. Содан кейін олар әжетханада төбелескен. Бишімбаев оны "бір-екі шапалақпен ұрғаннан кейін" марқұм әйелі өзі құлап, қабырғаға соғылды дейді.

"Он секунд унитаздың жанында жатты. Бірақ ол кезде көзі ашық еді. Содан кейін ақырын орнынан тұрды. Оған көмектескен жоқпын. Орнынан тұрып, қайта құлады. Тепе-теңдігін жоғалтып, денесін басқара алмай қалды. Сосын оған көмектесіп, қабырғаға сүйеп отырғыздым. "Жақсысың ба?", деп сұрадым, ол жауап бермеді. Ол кезде бетінде көгерген белгілер болған жоқ. Оны сол күйі қалдырдым. Қайта келсем дәретханада сол қалпында отыр екен. “Неге бізде үнемі осылай болады” деп айқайлап, орындықтарды тепкілей бастадым", – дейді Бишімбаев.

Сотталушы әйелін ұрғанын мойындап алайда оның “маңызы бар органдарына тигізбегенін” алға тартады.

“Лифтке мінген соң: "Сенің қалағаның осы ма" деп сұрадым. Ол күлді. Оның күлгені қатты ашуландырды. Сосын VIP бөлмеге кіріп кеттім, ол дәретханаға кетті. Ол маған: "Иә, мен осыны қалаймын" деп балағат сөздер айтты. Сосын ашуланып, шашынан тартып, төрт рет ұрдым. Ол жерге құлады. Жерге құлаған соң, жамбасынан 3-4 рет тептім. Бірақ маңызды органдарына тигізген жоқпын. Ол орнынан тұрмады, сосын шашынан тарттым. Шашынан ұстап, VIP-ке апардым. Үйге барғым келетінін айттым, ол мені итеріп жіберді де бірнеше қадам жасап құлап қалды. Сосын оған тұруға көмектестім. Ол қайтадан диванға отырды. “Саған не болды?” деп сұрадым. Ол үндемей отырды. Сосын диванға жатып, аяғын көтерді. Мен “Салта, ұйықтама” дедім. Мен оны киіндіре де, көтере де алмайтынымды түсіндім. Бірақ ұйықтап, есін жисын деп ойладым. Сол кезде оның бетінде ісік пайда болды", – дейді Бишімбаев.

Экс-министр Салтанаттың жағдайына алаңдап жедел жәрдем емес, көріпкел шақырғанын жасырмайды. Бишімбаевтың сөзінше, түске қарай оянған соң Нүкенованың қатты ауырып жатқанын көрген.

"Оны 13:30-да ояттым, бірақ оянбады. Бетінің сол жағы көгеріп, мұрны ісіп кеткен. Қатты уайымдап, күйзеліске түстім. Сосын көріпкел досыма хабарластым. Ол 10 минуттан кейін қайта хабарласуды өтінді. Қайта хабарласқанымда оның қатты шаршағанын айтты. Ол есін жияды деп айтты. Осы сөзді естігенде жеңілдеп қалдым", – дейді Бишімбаев.

Бишімбаев Нұкенованың жақсармай жатқанын көріп, Байжановқа телефон соққан. Одан аспирин мен кетонал сатып алуды өтінген. Жәбірленушілер одан неге жедел жәрдем шақырмағанын сұрағанда, Бишімбаев "Солай болып қалды" деп жауап берді.

Айыпталушы Қуандық Бишімбаев сот алдында жауап беруді жалғастырып жатыр. Бұған дейін сотталушы қайғылы жағдай орын алған күннің қалай басталғанын айтып берген.