​БҒМ өкілдері балалардың смарт-сағат қолдануына қатысты пікір білдірді

0
1 359

Министрлік өкілдері оқушылардың смартфон немесе смарт-сағаттар қолдануы жайлы мәселенің білім беру мекемесінің ішкі тәртібі бойынша реттелетінін айтып өтті.


​БҒМ өкілдері балалардың смарт-сағат қолдануына қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрлігінің өкілдері балаларға қандай жағдайларда мектепте смарт-сағат тағуға тыйым салынатыны жайлы сұраққа жауап берді, деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомстводағылардың мәліметінше, әрбір мектеп пен мектепке дейінгі мекемелердің өкілдері гаджеттерді қолдануға тыйым сала ма, жоқ па - өздері шешеді.

"Білім беру" туралы заңның 43-бабына ("Білім беру ұйымдарының құзыреті") сәйкес, білім беру ұйымы оқу-тәрбие процесін қалай жүзеге асыру керектігін өз бетінше шешеді. Ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту де мекеменің құзыретінде", - делінген БҒМ өкілдерінің редакция жолдаған сауалға берген жауабында.

Сондай-ақ, министрлік өкілдері оқушылардың смартфон немесе смарт-сағаттар қолдануы жайлы мәселенің білім беру мекемесінің ішкі тәртібі бойынша реттелетінін айтып өтті.