Балаларының тегі басқа.
фото А.Рахымбаевтың фейсбук парақшасынан алынды
BI Group басшысы Айдын Рахымбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында асханада ұйықтап жатқан қызының суретін жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Қазір екі қызым да құрылыс жұмысшыларына арналған асханада, өзге текпен аспазшының көмекшісі болып жұмыс істейді.. Аспаздың өзі ыдыс жуып, картоп ашып жүрген қыздың кімнің баласы екенін білмейді. Әділ болуы үшін... Сондықтан, екі аптадан бері оларды 12 сағаттық жұмыс режимімен жұмсауда. Таңертеңнен бастап 50 келі картоп, 14 келі пияз, 16 келі сәбіз аршу, басқа да нәрселер пісіруі қажет. Күніне 200-ден астам ыдыс жуу керек. Ұйқысы қанбай, шаршап жүр. Бірақ 14 жастан бастап жұмыс жасау - біздің әулеттің дағдысы. Мен бұл туралы "әріптестерім біліп қойып, жұмыс жасатпай қояды" деп жазбай келгенмін. Бірақ екінші қызым Амина осы фотоны жібергенде, шыдай алмадым. "Ұйықтай алдың ба?" деп сұрап едім, "Қайдағы! Марал тәте ыдысты жуыңдар деп айқайлады!" деп жауап берді. Балаларымды жақсы көремін және мақтан тұтамын....Әрине, балаларыма жаным ашиды. Бірақ осы істеген жұмысы кейін өмірлерінде үлкен көмек болады деп санаймын. Балаларымның жұмыс тәжірибесі туралы кейінірек толық жазамын. Ұлым да басқа текпен 9 қабатта тас қалаушының бригадасында жұмыс жасап жүр", - делінген жазбада.
Желі қолданушылары Айдын Рахымбаевқа алғыс айтып, балаларының еңбекқорлығына тәнті болғандарын жасырмады.
Айдын Рахымбаевтың бұл жазбасына осы уақытқа дейін 3 мыңнан астам ұнату белгісін басып үлгерген. Оқырмандардың барлығы дерлік танымал құрылыс компаниясы басшысының отбасылық тәрбиесіне тәнті болды.