Биік үйдің балконына аяғын асырып отырған балалар тұрғындарды шошытты

0
1 011

Балалардың ата-анасы іздестіріліп жатыр.


Биік үйдің балконына аяғын асырып отырған балалар тұрғындарды шошытты

ERNUR.KZ. Алматының тұрғын үй кешендерінің бірінде балконда отырған балалардың суреті Желіде талқыланып жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Балалар Алматы қаласы Бостандық ауданы "Гауһартас" тұрғын үй кешенінің балконында отырған.

"Құрметті "Гауһартас" тұрғын үй кешенінің тұрғындары, бәлкім мына суреттен өз балаларыңызды танитын боларсыздар. Күзетшіледің айтуынша, балалармен сөйлескен. Олар басында 10-шы қабатқа шыққан, сосын 16-шыға көтерілген. Осындай суреттен төбе шашығы тік тұрады", - деп жазған суреттің авторы.

Алматы полициясы өкілдерінің айтуынша, балалардың ата-анларымен профилактикалық әңгіме жүргізіледі екен.

"102 каналына қоңырау түскен жоқ. Бұл туралы әлеуметтік желіден белгілі болды. Қазіргі уақытта ювеналды полиция осы іспен айналысып жатыр. Балалардың ата-аналарын іздеп жатыр. Ата-аналардың салғырттығынан балалардың өміріне қауіп-қатер төнуі мүмкін", - деді полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары тұрғын үй кешенінің күзетшілерімен сөйлесетін болады.