Бұл әншіге деген қызығушылық төмен екен.
ERNUR.KZ. 8 желтоқсанда Ақтөбеде Наташа Королеваның үлкен жеке концерті өтуі тиіс болған, деп жазады zakon.kz.
Алайда концертке бір күн қалғанда ұйымдастырушылар билеттердің өтпей қалуына байланысты концерттің өтпейтінін хабарлады.
Әншінің 9 желтоқсанда Қарағандыда жоспарланған концерті де өтпейтін болды.
Билет сатып алған ақтөбеліктерге ақшасы қайтарып беріледі.
Наташа Королеваның концертіне сатылған билеттер құны 10 мың теңгеден 20 мың теңгеге дейін жеткен болатын.