Бір айда Қазақстан шекарасында 3 мыңнан астам адам ұсталды

0
408

Оның ішінде 38 шетел азаматы шекараны бұзғаны, 29 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін жауапкершілікке тартылады.


Бір айда Қазақстан шекарасында 3 мыңнан астам адам ұсталды

Өткен айда Қазақстан заңнамасын бұзғаны үшін 3 мыңнан астам адам шекарада ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәуірде Шекара қызметі барлығы 3 186 адамды ұстады.
Оның ішінде:
38 шетел азаматы шекараны бұзған;
29 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенген.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 342 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:
49 факті – есірткі заттары, жалпы салмағы 780 кг-дан жоғары;
36 факті – ату қаруы мен оқ-дәрілер (17 дана жарылғыш жұмыстар үшін компоненттер, 3 дана ату, 3 дана зақым келтіру және 17 дана суық қарулары, 81 дана оқ-дәрілер);
38 факті – діни әдебиет (842 дана);
341 факті – жалпы сомасы 12 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалы (133 тоннадан астам);
744 факті – жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
134 факті – жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 120 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:
54 дана жүзу құралдары;
жалпы ұзындығы 244,6 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
1 226 дана (6 тонна) бекіре тұқымдас балықтар;
98 428 дана (61 тонна) таза тұқымдас балықтар;
63 дана (1 тонна) итбалықтар.
Алды алынған залал сомасы 2,3 млрд теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.