Бір айда терроризмді насихаттаған 7 қазақстандық сотталды

0
117


Бір айда терроризмді насихаттаған 7 қазақстандық сотталды

© Sputnik / Владимир Федоренков

Шілде айында террористік қылмыс жасағаны үшін 7 қазақстандық сотталды, деп жазады sputnik.kz.
Түркістан тұрғыны шетелдегі террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін ол шет мемлекеттің аумағында ұсталып, арнайы күзетпен Қазақстанға депортацияланған.
"Ал Алматы облысының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан радикалды идеологияның жақтаушысы кісі өлтіруге әрекеттенгені және терроризмді насихаттағаны үшін қосымша 9 жылға бас бостандығынан айырылды", - дейді ведомство.
Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының, Алматы және Астана қалаларының соттары терроризмді насихаттап, шетелдегі соғыс қимылдарына қатысуға әрекеттенгені үшін 5 қазақстандықты 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырды.