Бір кенші жансақтау бөлімінде: Дәрігерлер шахтадағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

0
912

Стационарға барлығы 17 адам жатқызылып, 1 адам амбулаториялық емделуге жіберілді.


Бір кенші жансақтау бөлімінде: Дәрігерлер шахтадағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

ERNUR.KZ. Костенко шахтасындағы апаттан кейін профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы ауруханаларға 18 адам жеткізілген. Бір адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады Stan.kz

Дәрігерлердің сөзінше, барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

“15 адам Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы Х.Ж.Мақажанов клиникасына көміртегі тотығымен улану белгісімен түсті. Біреуі ауыр дәрежеде көміртегі тотығымен улану, қалғандары жеңіл және орташа дәрежеде улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Екеуі Михайловкадағы Х.Ж. Мақажанов клиникасына түсті: біреуі реанимацияда ауыр жағдайда, екіншісі операциядан кейін травматология бөлімінде жатыр”, – деп мәлімдеді Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Стационарға барлығы 17 адам жатқызылып, 1 адам амбулаториялық емделуге жіберілді.

Еске салайық, бұған дейін Костенко атындағы шахтада көз жұмғандар саны 20 адамға жеткені туралы хабарлаған едік. Әлі 23 кеншіні іздестіріліп жатыр.