Ер адам 2021 жылдың 13 наурызында Алматыда жоғалған.
ERNUR.KZ. Алматыда бір жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамның сүйегі Өскемен қаласының сыртында орман белдеуі арасынан табылды, деп жазады Stan.kz.
Ер адам 2021 жылдың 13 наурызында Алматыда жоғалған. Белгілі болғандай, ер адам 30 жаста болған.
Сол күні сағат 06.30 шамасында ол Райымбек даңғылындағы жұмысынан шыққан. Осыдан бастап оны ешкім көрмеген. Жақында LIDER.KZ еріктілер қозғалысы оны іздеу жұмыстары тоқтатылғанын хабарлады.
“Оның сүйегі Өскемен қаласының іргесіндегі орман белдеуінен табылды. 19 шілдеде бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама жүргізілуде", – деді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.