Полиция түсіндірме жұмысын ғана жүргізген.
Фото: скрин
ERNUR.KZ. Астанадағы Сарайшық ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің балконынан жасөспірімдер су толы пластик пакеттерді жерге лақтырып, ойнаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Желіде тараған видеода 3 бала су толы пластик пакеттерді көршілердің ескертпесіне қарамастан биіктен лақтырып жатыр. Жоғары қабаттан ұшқан ауыр пакеттер ойын алаңына барып гүрс ете түсті.
«Бұл факті бойынша құқық бұзушылар анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ осындай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық түсіндірме жұмыстары өткізілді», - деді елорда полициясынан.
Желідегілер жасөспірімдердің әрекеті біреуге зиын тигізуі мүмкін екенін жазып, сынады.
«Біреудің басына тиеді ғой», «бұл ештеңе емес қой, бізде балалар 15-16 қабаттан жарты литрлік бөтелкелерге су құйып лақтырған. Оларды полиция ұстаған кезде, ата-аналары «бала ғой, ештеңе етпес» деп қарап тұрған», «масқара, жазасын беру керек», «біреудің ақымақтығынан басқа адам ауруханаға түсіп, мүгедек болып қалады», деп жазып жатыр көпшілік.