"Бірінші рет көріп тұрғандай”: Таразда супермаркеттердің бірінде тегін тортқа таласқан әйелдер сынның астына қалды (видео)

0
264

Видео кадрларынан ыдыстарын ала жүгіріп, тортты таратып тұрған қыздарды таптай жаздаған әйелдер көрсетілген.


Фото: Видео кадрларынан скрин

ERNUR.KZ. Желіде Тараздағы супермаркеттердің бірінде тегін таратылған тортқа таласқан әйелдердің видеосы тарады. Торт үшін бір-бірін таптап, итергендердің әрекетін көпшілік сынады, деп жазады stan.kz.

Видео кадрларынан ыдыстарын ала жүгіріп, тортты таратып тұрған қыздарды таптай жаздаған әйелдер көрсетілген. Олар “маған да ал” деп бір-біріне айғайлап, итерісіп жатыр. Ал тортты тіліп тұрған қыз олардың арасында қысылып, “ойбай тұра тұрыңдаршы” деп айғайлаған.

Желі қолданушылары әйелдердің бұл қылығын сынап, қызу талқылады.

“Ұят ай, тегін ештеңе бермеңдерші”, “Соншалықты ашсыңдар ма?”, “Ең оңайы қазақтарды сатып алу”, “Құдды өмірлерінде бірінші рет торт көріп тұрғандай”, “Шетелде тіпті үйсіз адамдарға тамақ берсе, олар кезекте тұрып күтеді”, “Неге олар үшін мен ұялып тұрмын”, “Аштан қырылып өлдіңдер ме?”, “Жабайылық”, – деп жазды көпшілік.

Супермаркет ішіндегі көрініске қарап көпшілік мұны Magnum-да болған жағдай екен деп ойлаған. Дегенмен Magnum желісі оның басқа супермаркет екенін түсіндірді.

Сонымен бұл Тараз қаласындағы Firkaan супермаркеті болып шықты. Желі тегін торт таратқанын растады.

“Аталған видео расында да біздің супермаркеттердің бірінде түсірілген. Бұл видео да біздің жаңа филиалымыздың ашылуына орай, партнерлеріміздің сыйы. Келушілерге қуаныш сыйлау мақсатында торт тегін таратылған еді”, – деп жауап берді редакциямызға.