Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі.
ERNUR.KZ. "Қазгидромет" РМК 26 қарашада еліміздің бірқатар өңірі бойынша дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер елдің басым бөлігінде тұман болып, жел екпіні күшейетінін болжады.
"Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран болады деп болжанады. Еліміздің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Қазақстан бойынша тұман, жел екпіні күшейеді"."Қазгидромет" РМК
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, Қарағанды қаласында тұман болады деп күтіледі.
Түнде Атырау облысының батысында тұман түседі деп болжанады. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде 18 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.
Ақтөбе облысында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және Орал қаласында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Маңғыстау облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтауда да жел соғады: 15-20 м/с.
Астанада жолдарда көктайғақ болады.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман, боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Өңірде және Көкшетауда соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде қалың тұман түседі. Қостанайда түнде және таңертең боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде қалың тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 25 м/с.