"Бірнеше секундтық бейқамдық": Алматыда бір күнде 2 жаяу жүргінші жан тапсырды

0
89

Мұндай жайсыз мәліметті Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті.


Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері мегаполисте жаяу жүргіншілердің қатысуымен 24 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп жазады inbusiness.kz.

Осылайша, Алматыда небәрі бір күнде 2 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан жаяу жүргіншілер көз жұмды.

– Бүгін Алматыда бір күннің ішінде екі жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншілердің өмірін қиды. Әрбір осындай қайғылы жағдайдың артында орны толмас өкінішке әкелген бірнеше секундтық бейқамдық жатыр. Жаяу жүргіншілер де – жүргізушілер сияқты жол қозғалысының толыққанды қатысушысы. Десе де, олардың көпшілігі әлі де өз өміріне қауіп төндіріп, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтеді, қауіпсіздігіне көз жеткізбей жолдың жүру бөлігіне шығады немесе бағдаршамның тыйым салатын белгісін елемейді, – делінген ресми хабарламада.

Биыл Алматыда жаяу жүргіншілердің қатысуымен 24 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 23 адам жарақаттанып, 2 адам қаза тапты.

Полиция аталған жол апаттарының едәуір бөлігі жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуынан болғанын хабардар етеді.