Бірнеше жерден пышақталған елордалық мешіт қызметкері ауруханадан шықты

0
577

Екі апта бұрын пышақталып, жарақат алған мешіт қызметкері Муслухаддин Надыров ауруханадан шықты.


Бірнеше жерден пышақталған елордалық мешіт қызметкері ауруханадан шықты

ERNUR.KZ. Тиісті ақпаратты Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратты, деп жазады inbusiness.kz.

Осыдан екі апта бұрын пышақталып, жарақат алған мешіт қызметкері Муслухаддин Надыров ауруханадан шықты.

“Пациент үйіне шығарылды. Өзін жақсы сезінеді. Оған толық қалпына келу үшін біраз уақыт қажет”, - деді №3 Көпсалалы қалалық аурухана дәрігері Арман Сарқытбай.

Еске салайық, осыған дейін Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін пышақтап кеткенін жазған болатынбыз. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.