Біртановтың «дәрігердің қателесуге құқығы бар» деген сөзіне ведомство түсінік берді

0
1 321

ҚР Денсаулық министрлігі ведомство басшысы Елжан Біртановтың «дәрігердің қателесуге құқығы бар» деген сөзіне байланысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат».


Біртановтың «дәрігердің қателесуге құқығы бар» деген сөзіне ведомство түсінік берді

ҚР Денсаулық министрлігі ведомство басшысы Елжан Біртановтың «дәрігердің қателесуге құқығы бар» деген сөзіне байланысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Ресми сауалға берілген жауапта дәрігерлердің әлеуметтік жағынан да және оларға қатысты сот шағымдарынан да қажетінше қорғалмағаны айтылды. Қазір Қазақстанда дәрігерлер қателігіне қатысты айқындалған немесе бекітілген нақты өлшемдер жоқ. Сонымен қатар дәрігерлердің қателігі заң тұрғысынан емес, медициналық тұрғыдан түсіндірілуі қажет. Заң бойынша абайсызда немесе, немқұрайдылықпен қателікке бой ұрған дәрігер әкімшілік немесе қылмыстық жазаға тартылады. Осыған сәйкес, қазір медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігіне қатысты ерікті сақтандыру механизмін дайындау жұмыстары қолға алынып жатыр. Заң жобасының тұжырымдамасы Ведомствоаралық комиссия отырысында мақұлданған. Медициналық қызметкерлерге қатысты заңнамаға декриминализация және гуманизация жасау мамандар тапшылығына байланысты жасалғаны айтылды. Осы ретте соңғы 5 жылда елдегі медицина мамандарының жетіспеушілігі 32 пайызға кемісе де, дәрігерлердің жетіспеушілігі анық байқалатыны айтылды. Осы ретте ведомство дәрігерлердің науқас денсаулығына келтірген зияны үшін жауапкершілікті жеңілдету туралы ұсыныс дайындады. Сонымен бірге кейбір әкімшілік құқықбұзушылықтардың құрамын қайта қарау жөнінде ұсыныс жасалды.