Бірыңғай жиынтық төлем енді болмайды

0
2 057

"ЕСП" өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар үшін уақытша енгізілген болатын.


Бірыңғай жиынтық төлем енді болмайды

ERNUR.KZ. Жаңа жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлемнің қолданылу мерзімі аяқталды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бірыңғай жиынтық төлем жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 2019 жылы уақытша енгізілген болатын. Егер олар тек жеке тұлғаларға қызмет көрсетсе және кірісінің сомасы жылына 4 миллион теңгеден аспаса, бірыңғай жиынтық төлем төлейтін.
"ЕСП" төрт міндетті төлем түрін біріктірді:
жеке табыс салығы;
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;
зейнетақы жарнасы;
міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорына аударымдар.
Бірыңғай жиынтық төлемнің ай сайынғы мөлшері: республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін – 1 АЕК; ал басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін – 0,5 АЕК болды.
Алайда үкімет бес жыл бойы қолданылған бірыңғай жиынтық төлемді биылдан бастап алып тастауды жөн көрді. Шенеуніктердің сөзіне сенсек, БЖТ өзін-өзі ақтамаған.