Судья Айжан Құлбаева алқа билердің бір мүшесі денсаулығына байланысты сот отырысына қатыса алмайтынын мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі сот процесі басталмай тұрып алқа билердің бір мүшесі ауысты, деп жазады inform.kz.
Судья Айжан Құлбаева алқа билердің бір мүшесі денсаулығына байланысты сот отырысына қатыса алмайтынын мәлімдеді.
Мұндай жағдайда заң бойынша оның орнын қосалқы алқа би мүшесі алмастыруға тиіс.
Бұл ретте қосалқы алқа би мүшесі өз орнына жайғасып, сот процесі жалғасын тапты.
Бишімбаевтың адвокаттары сот отырысына қатыса алмаған алқа би мүшесінің денсаулығында кінәрат бар екенін дәлелдейтін құжаттарды сұрады.
Сот хатшысы тиісті қағаздарды көрсетті.
Айта кетейік, соттың тыйым салуына қарамастан БАҚ-та және әлеуметтік желілерде алқа билердің бет-әлпеті бейнеленген видео пайда болған еді. Осы ретте алқа билерді фото-видеоға түсіруге қатысты тергеу жүргізіледі.


