Бишімбаев марқұм келіншегі танымал кәсіпкермен жақын қарым-қатынаста болды деп айыптады

0
374

Нүкенованың адвокаттары үшінші адамның атын атауға болмайтынын айтып сотқа шағымданды.


Бишімбаев марқұм келіншегі танымал кәсіпкермен жақын қарым-қатынаста болды деп айыптады

ERNUR.KZ. Бишімбаев тойдан кейін келіншегінің мінез-құлқы өзгеріп, ашушаң болып кеткенін айтты, деп жазады Stan.kz.


“Тойдан кейін не болғанын білмеймін, Салтанаттың мінез-құлқы өзгеріп, ашушаң боп кетті, бірдеңеге алаңдап жүргенін байқадым, ұрсып беретін.

Бірде көліктің кілтін таба алмай қойды. Мен оған кілтті жәй ғана дәліздегі ілгішке қойып кете салмайсың ба” деп айттым. Былай қарасаң жәй ескерту, бірақ мен кешке келгенде үлкен әңгіме болды. “Сен неге маған олай айтасың? Үйлендім, болды, солай сөйлей аламын деп ойлайсың ба? Мен қазір кетіп қала аламын, туыстарымның алдында бастысы белгі қойдым (тұрмысқа шықтым деп – ред.), енді маған бәрібір, ертең-ақ кетіп қаламын” деп ашуланды маған. Өтірік айтып тұрсам Алла жазамды берсін”, – деді Бишімбаев.

Ол жарының мұнда әрекетіне қатты таңғалғанын айтты.

“Алдымда тұрған мүлдем басқа адам еді. Мүлдем басқа түр, мүлдем басқа сөйлеу мәнері, басқа дауыс ырғағы. “Айтып болдың ба” деп ем, “иә” деді де кетіп қалды. Содан кейін 2 күн сөйлескен жоқпыз. Келіп мұндай біртүрлі әрекетін түсіндіреді немесе кешірім сұрайтын шығар деп күттім. Ол менен не күткенін білмеймін.

Айпыталушының сөзінше, осыдан кейін екеуі бөлек бөлмеде ұйықтайтын болған.

“2-3 күн өткенде не болғанын түсіну керек болды. Жұмыстан келіп “Салта, сөйлесейік. Не болды, түсіндірші. Мұндай біртүрлі, агрессивті әрекетіңнің себебі неде?” деп сұрадым.

Сол кезде “саған көптен бері айтқым кеп жүрген, бірақ қалай айтарымды білмедім. Сенің кабинетіңде мен бірнеше жыл бойы жақын қарым-қатынаста болған адамның суреті бар.Үнемі соны көремін де ашуланамын. Саған қалай айтарымды білмеймін”, деді.

“Ол кім?” деп сұрап ем “Қазақстанға танымал кәсіпкер” екенін айтты”, – деді Бишімбаев.

Осы сәтте Нүкенованың адвокаттары үшінші адамның атын атауға болмайтынын айтып сотқа шағымданды.

Ал Бишімбаевтың адвокаты “ол “Азаптау” бабы бойынша пікір білдіріп жатыр, жанжалдың себебі бар ма, жоқ па соны анықтап алу керек. Ешкім оның аузын жаба алмайды. Адам қалай болғанын айтып берсін. Қазір сіздер оның аузын жабуға тырысып жатсыздар деп ойлаймын”, деп ашуланды.

Судья да Бишімбаевқа ескерту жасап, іс төңірегіндегі жайттарды айтып беруін сұрады.

Ал Айтбек Амангелді егер ол адамның өлімге қатысы болмаса түсіндіру үшін оны жәй ғана “1-адам” деп айтуды сұрады.

“Атын атаудың қажеті жоқ. Егер бұл сөздердің дәлелі болмаса қазір тікелей эфирде болып отырған сот кезінде бүкіл Қазақстанға Салтанаттың да, басқа адамдардың да атын қаралауға болмайды”, – деді Нүкенованың ағасы.

“Қазір айтылып отырған жағдайлар тойдан кейін болған, ал өлім 8-9 қарашада болған, яғни айыптауға еш қатысы жоқ. Оған қоса алқабилердің марқұм Нүкеноваға қатысты пікірін бұрмалауға әкеледі”, деді адвокаттар.

“8-9 қараша – айыптаудың екінші эпизодына жатады. Ал бірінші эпизод оған дейін басталған. Осы деректерді ескере келе айыптау актісіне сәйкес кезеңдерді қамтып баяндауды сұраймын”, – деп түсіндірді судья.