Бұл – бастама Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа тиесілі.
Фото: ile-tany.kz /eltr.kg
ERNUR.KZ. Қырғызстан астанасы Бішкектегі №33 мектеп-гимназиясына президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі, жазушы Кемел Тоқаевтың есімі берілді. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
Қырғыз көшбасшысы Садыр Жапаров бұл жаңалықты Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресейге жасаған жұмыс сапары барысында айтқан.
Кемел Тоқаев – жазушы, қазақ детектив жанрының негізін қалаушылардың бірі. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Бішкектегі (сол кездегі Фрунзе қаласы) жаяу әскер училищесінде оқыған. Қазіргі №33 мектеп орналасқан ғимаратта дәл сол кезде әскери оқу орны болған екен. Кемел Тоқаев осы училищеден майданға аттанған.
Айта кетейік, бұған дейін Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей архивінен табылған гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстаған болатын.