Биткоин бағасы тағы да рекордтық көрсеткішке жетті

0
2 585

​14 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша биткоин 2,95%-ға қымбаттап, 49 265 долларға жеткен еді.


Биткоин бағасы тағы да рекордтық көрсеткішке жетті

ERNUR.KZ. Ең танымал криптовалюта саналатын биткоиннің бағасы тағы да рекордтық көрсеткішке жетті, деп жазады Inbusiness.kz.

Ресми дерек бойынша, криптовалюта құны 52,5 мың долларға дейін қымбаттаған. Қазір ол осы шамада саудаланып жатыр.

Еске сала кетсек, 14 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша биткоин 2,95%-ға қымбаттап, 49 265 долларға жеткен еді.

Мұндай динамикаға Tesla компаниясының биткоин криптовалютасына 1,5 млрд доллар көлемінде инвестиция құюы себеп болды. Корпорация өкілдерінің айтуынша, жақын арада өнімдерді сату барысында биткоинді қабылдай бастайды.Ескере кететін жайт, соңғы уақытта биткоинмен қатар басқа да криптовалюталардың бағасы көтерілуде.