Өтінім пойыз жөнелтілгенге дейін 7 тәуліктен ерте емес және 1 сағаттан кешіктірілмей ресімделеді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. 2026 жылдың басынан бастап «Күту парағы» қызметі арқылы жолаушыларға 84 мың бос орын ұсынылып, оның ішінде 28 мыңнан астам билет билет рәсімделді. Қызмет іске қосылған сәттен бастап жолаушыларға 2,4 млн орын ұсынылып, 872 мың билет сатып алынды.
Сервис қажетті пойызға орын болмаған жағдайда электрондық кезекті рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бос орын пайда болған жағдайда жолаушыға жеке кабинетте ескертпе және билетті сатып алу қажеттілігі туралы SMS-хабарлама келіп түседі.
Өтініш беруге болады:
- bilet.railways.kz сайтында;
- «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассалары арқылы.
Өтінім пойыз жөнелтілгенге дейін 7 тәуліктен ерте емес және 1 сағаттан кешіктірілмей ресімделеді.
Кезек біреудің араласуынсыз автоматты түрде қалыптасады. Жүйеде билеттерді жаппай іздеуден және сатып алудан қорғау тетіктері жұмыс істейді.
Қосымша ақпарат:
- тегін нөмір – 1433;


