Биыл 5 мыңға жуық қазақстандық үлкен қажылыққа барған

0
94

Сауд Арабиясының жауапты министрлігі қажлыққа барғандарға ерекше қолдау көрсетіп жатыр.


Биыл 5 мыңға жуық қазақстандық үлкен қажылыққа барған

фото: AFP 2024 / Rania Sanjar

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Сауд Арабиясы қажылық және туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр, деп жазады sputnik.kz.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Сауд Арабияның қажылық және умра істері министрімен кездесті. Тараптар қажылықты ұйымдастырудың өзекті мәселелерін, соның ішінде әуе көлігімен тасымалдау, қажыларды орналастыру, виза алу мәселелерін талқылады.
Министр Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиа бұл сапардың мақсаты - елдеріміз арасындағы тарихи байланысты нығайту, сондай-ақ Қазақстаннан келетін қажылардың санын көбейту және оларға тиісті жағдай жасау екенін айтты.
"Биыл 4500-ге жуық отандасымыз ұлық қажылық парызын өтеді. Сауд Арабиясының жауапты министрлігі қажлыққа барғандарға ерекше қолдау көрсетіп жатыр. Бүгінгі таңда бірқатар маңызды мәселе шешілді: қажылық пен умраны өтеудің жеңілдетілген маршруттары, виза алу, әуе компаниясын ашу және тағы басқа мәселелер", - деді бас муфтий Наурызбай қажы Тағанұлы.