Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты.
ERNUR.KZ. Биыл алматылық 1238 әйел сақтандыру есебінен ЭКО жасата алады, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұрын тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру пакетіне енді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасы 2010 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс бойынша жүзеге асырылып келді. Биыл еліміз бойынша 7000-ға жуық үміткер «Аңсаған сәби» арнайы президенттік бағдарламасы шеңберінде ЭКО жасатып, ата-ана бақытын сезінуге мүмкіндік алмақ.
«Мәселен, 2020 жылы Алматы қаласында 643 ЭКО жасалған. Оған 563 млн теңге бөлінді. Биыл 1238 манипуляция жоспарда. Оған қарастырылған сома 2 есе артып, 1,1 млрд теңгені құрап отыр», - деді филиал директоры.
Биыл оңтүстік астана бойынша аталған бағдарламаға 7 медицина ұйымы қатысып жатыр. Олардың бәрі де Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен:
- «Private clinic» ЖШС
- «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ
- «PERSONA» ЖШС
- «Экомед» фирмасы» ЖШС
- «Репродуктивтік медицина институты» ЖШС
- «Клиника AMD» ЖШС
- «Нұрай» ЭКО КЛИНИК ЖШС
ЭКО бағдарламасына қатысу үшін тіркелген емханаға барып арнайы есепке тұру қажет. Тиісті көрсетілімдер болған жағдайда дәрігерлер квотаға кезекке қояды. Квота жергілікті қоғамдық денсаулық сқатау басқармасындағы арнайы комиссия шешімімен беріледі.
Бүгігі күнге дейін, еліміз 22 мыңнан астам сәби осы бағдарлама негізінде дүние келді.
Жалпы, Қазақстанда бедеулік диагнозымен есепте тұрған әйелдер саны 11 мыңнан асады.