Биыл ауылдарды ауызсумен қамтуға 113 млрд теңге жұмсалады

0
498

Осының нәтижесінде биылдың өзінде ауылдардың ауызсу жүйесімен жабдықталуын 96 пайыздан асыру көзделіп отыр.


Биыл ауылдарды ауызсумен қамтуға 113 млрд теңге жұмсалады

ERNUR.KZ. Биыл ауылдарды ауызсумен қамтуға бағытталған 267 жобаны іске асыруға 113 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Биыл сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салып, реконструкция жасауға республикалық бюджеттен 402 жобаны іске асыру үшін 280 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде қалаларда 135 жобаны іске асыруға 167 млрд теңге және ауылдарда 267 жобаға 113 млрд теңге бөлінді», - деді министр.

Осының нәтижесінде биылдың өзінде ауылдардың ауызсу жүйесімен жабдықталуын 96 пайыздан асыру көзделіп отыр.

«Жыл қорытындысы бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділікті қалаларда 98,8% және ауылдарда 96,3% қамтамасыз ету жоспарлануда», - деді Марат Қарабаев.