2022 жылы 1175 тексеру жүргізіліп, 1,6 млрд теңгеге айыппұл салынды.
Жыл басынан бері байланыс операторларына қатысты 763 жоспардан тыс тексеру жүргізілді және 3 млрд 18 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Жеңілдікті ескере отырып, бюджетке 1,5 млрд 9 млн теңге төленді.
2020 жылы 93 тексеру жүргізіп, 23,9 млн теңге сомасына айыппұл салынды;
2021 жылы 562 тексеру жүргізіліп, 132 млн теңгеге айыппұл салынды;
2022 жылы 1175 тексеру жүргізіліп, 1,6 млрд теңгеге айыппұл салынды;
Еске сала кетейік, 2022 жылдың шілдесінен бастап заңбұзушылықтар анықталған жағдайда байланыс операторларына 1000 АЕК есебінде айыппұл салынады, ал бір жыл ішінде қайталап заң бұзған жағдайда айыппұл сомасы 1500 АЕК-ке дейін өседі.
2019 жылдан 2022 жыл аралығында, яғни айыппұлдардың өсуіне дейінгі кезеңде операторлар нұсқамалардың тек 33%-ын, ал айыппұлдарды арттыру бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін, 2023 жылы операторлар нұсқамалардың 65%-ын орындады.


