Биыл Қазақстанда автокөлік құрастыратын зауыт салынады

0
1 526

2019 жылы елімізде индустрияландыру бағдарламасы бойынша құны 1,1 триллион құрайтын 120 жуық жобаны іске қосу жоспарланып отыр.


Биыл Қазақстанда автокөлік құрастыратын зауыт салынады

Фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден

Қазақстанда биыл біз өңдеу өнеркәсібінің өсімін 104 пайызға жеткізу көзделіп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жайлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр бүгінгі үкімет сағатында мәлімдеді.

Тіпті осы мақсатқа қол жеткізу үшін өндіріс көлемін арттыру және жетекшілік ететін салаларда жұмыс орындарын сақтау шаралары қабылданатын болады.

"Биыл жалпы сомасы 1,1 триллион болатын 120 жуық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Онда 20 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. Жыл соңына дейін Қарағанды облысында ферросилиция өндіретін зауыт, Алматы қаласында болат-спиральды өндіретін зауыт іске қосылады. Машина жасау, автокөлік құрау өндірісін 32 мың бірліктен 60 мың бірлікке дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ биыл «Хундай» маркалы автокөлік өндіретін зауыт құрылысын бастаймыз. "Камаз" акционерлік қоғамымен бірлескен өнеркәсіп құрылады. Сондай-ақ ауылшаруашылығы техникасының бөлшектерін жасайтын технологияларды беретін «Кировец» одан әрі ынтымақтастықты нығайту жоспарланған"- дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр.