Биыл Қазақстанның энергожүйесі рекордтық 118 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндірді

0
84

Жыл қорытындысы бойынша елдің энергожүйесі электр энергиясын өндіру бойынша рекордтық 118 млрд киловатт-сағат көрсеткішіне қол жеткізіп, сұраныстан озық режимде жұмыс істеді.


Биыл Қазақстанның энергожүйесі рекордтық 118 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндірді

ERNUR.KZ. 2025 жылы энергетикалық инфрақұрылым саласында маңызды нәтижеге қол жеткізілді – көп жылдар бойы жинақталған тозу үдерісі тоқтатылып, активтерді ауқымды жаңғырту кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

«Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидатын іске асыру инвестициялық белсенділікті арттыруға мүмкіндік берді: электр станцияларындағы жөндеу жұмыстарына бағытталған капиталдық салымдар көлемі 20%-ға өсті. Жүргізілген жұмыстың нәтижелері сенімділіктің нақты көрсеткіштерімен расталады. Ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ел бойынша жылу электр орталықтарының жабдықтарының жалпы тозу деңгейі төмендей бастады және 61%-ды құрады.

Барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарын орындау нәтижесінде Кентау, Риддер және Екібастұз қалаларындағы станцияларды қоса алғанда, тоғыз энергия көзі тәуекел аймағынан шығарылды. Жылу желілерін жаңғырту аясында 323 шақырым құбыр желілері ауыстырылып, бұл тұтынушыларды тұрақты жылумен қамтамасыз етуге және тозу деңгейін 52%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Жылу желілеріндегі апаттылық деңгейі 25%-ға азайды. «Қолданыстағы инфрақұрылымды қалпына келтірумен қатар жаңа генерациялаушы қуаттарды іске қосу қамтамасыз етілді. 2025 жылы Текелі энергетикалық кешенінде газтурбиналық қондырғылар пайдалануға берілді, ал Топар ГРЭС-те қуаты 130 МВт болатын жаңа турбоагрегат іске қосылды.

Жыл қорытындысы бойынша елдің энергожүйесі электр энергиясын өндіру бойынша рекордтық 118 млрд киловатт-сағат көрсеткішіне қол жеткізіп, сұраныстан озық режимде жұмыс істеді. Келесі жылдан бастап Министрлік өңірлік деңгейде жылумен жабдықтау схемаларын қайта қарау бойынша жүйелі жұмысқа кіріседі. Пилоттық жобалар Жамбыл облысы мен Шымкент қаласында айқындалды.