​Биылдан бастап «Үздік YouTube арна» мен «Үздік подкастқа» Үркер сыйлығы беріледі

0
1 117

Дархан Қыдырәлі Қазақстандағы креативті индустрияны дамыту үшін бірқатар нақты жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.


​Биылдан бастап «Үздік YouTube арна» мен «Үздік подкастқа» Үркер сыйлығы беріледі

Фото: gov.kz

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қонаевта өтіп жатқан І Халықаралық медиа және туризм форумында мәлімдеді. Жиынды ұйымдастырушы - Түркітілдес журналистер қоры, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазір әлемдік медиада пост-шындық кезеңі, жасанды интеллект дәуірі басталғаны бәрімізге белгілі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат саласының жаңа дәуір талаптарына сай, жаңа сапаға өтуі керегін атап өткен болатын. ТМД елдері арасында бірінші рет қабылданған «Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» заң осы қажеттілікті реттеп, олқылықтың орнын толтырады», - деді министр.

Сондай-ақ Дархан Қыдырәлі Қазақстандағы креативті индустрияны дамыту үшін бірқатар нақты жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

«Қыркүйек айында біз Astana Media Week, New Media форумы және «Үркер» телевизиялық сыйлығын біріктіріп өткізуді жоспарлап отырмыз. Биыл «Үркер» сыйлығында «Үздік YouTube арнасы» және «Үздік подкаст» сынды екі жаңа аталым қосып отырмыз. Бұл саланың дамуына серпін беріп, түркі әлемін жақындастыра түседі деп санаймыз», - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы Astana Media Week, New Media форумдары, сондай-ақ «Urker-2023» баспа, радио, интернет журналистика саласындағы ұлттық сыйлығы күзде Астана қаласында өтеді.